Мұрағат

Түркология журналы 2020 №1 (99)

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтынан шығатын «Түркология» журналының 2020 жылғы №1 (99) санын ұсынып отырмыз. Журналдың бұл саны – біз үшін жаңа бастама. Осы шығарылымнан бастап «Түркология» журналы рецензиялы, индекстелген халықаралық журналға айналды.

Түркология журналы 2019 №6

Сіздерге Түркология журналының 2019 жылғы №6 (98) санын ұсынып отырмыз. Журналымыздың бұл санына Әзербайжан, Қазақстан және Түркия ғалымдарынан келген мазмұнды ғылыми мақалалар енді. Сондай-ақ, жаңа кітап таныстырылымы мен қарақалпақ ғалымы М.Нұрмұхамедовтың 90 жылдығына арналған мақала берілді.  

Түркология журналы 2019 №1

Журналымыздың бұл санының алғашқы беттерінен Сыртбай Мұсаевтың «Қырғыз тіліндегі сабақтас құрмалас сӛйлем компоненттерінің байланысу тәсілдері» атты мақаласын оқи аласыздар. Мақалада тақырыпқа қатысты үлгілерге сүйене отырып, қырғыз тіліндегі құрмалас сӛйлем мүшелерін аналитикалық, синтетикалық және синтетикалық-аналитикалық (аралас) әдіс арқылы талдап, қырғыз тілін Толық оқу …

Түркология журналы 2018 №6

Бұл санда сіздерді әдеттегідей мазмұнды ғылыми мақалалар күтіп отыр. Бірінші болып Ердем Учардың «Күлтегін (G6)және Білге Қаған (K4-5) ескерткіштеріндегі Bişükiŋe Tegi Kıdmaz Ermiş сөйлемі туралы» атты мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Мақалада Күлтегін мен Білге Қаған ескерткіштеріндегі bişükiŋe t(e)gi kıdm(a)z (e)rm(i)ş сөйлемінің Толық оқу …

Түркология журналы 2018 №5

Түркология журналының кезекті саны қолдарыңызда. Бұл санда Әзербайжанның белгілі түрколог-ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Рамиз Аскермен жүргізген Ержан Петектің сұхбатын және ғалымның XVII ғасырдан бергі Әзербайжандағы түркология ғылымының қалыптасуы мен дамуына шолу жасалған “Әзербайжандағы түркология ғылымының қысқаша тарихы” атты мақаласын Толық оқу …