Мақалаға пікір жазу үлгісі

«Түркология» журналына ұсынылатын ғылыми мақалаға рецензия (пікір) жазу үлгісі

Ғылыми мақалаға жазылған рецензияда (пікірде) мына ақпараттар қамтылуы керек:
1. Мақаланың толық аты, мақала авторының аты-жөні, қызметі
Үлгі:

Филология ғылымдарының кандидаты Р.Байымбетова мен Г.Жылқыбайдың «Көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі кісі/адам этноконцептісінің адамгершілік позициясын танытатын тілдік бірліктер» атты мақаласына
ПІКІР

2. Мақала арналған мәселенің қысқаша баяндалуы
Үлгі:
Р.Байымбетова мен Г.Жылқыбайдың мақаласы ескерткіштер тілінің бейнелілігі, көркемдігі оның айтарлықтай өңделген тіл екенін білдіреді. Түркі әлемінің бізге жеткен ең көне жазбалары, түркі мәдениеті мен бай образды тілінің VІІ¬-ІХ ғасырлардағы көрінісін бейнелейтін ежелгі жазба мұралар – Орхон, Енисей, Таласы ескерткіштерінің тілі түркі суперэтносының тұтастығын қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие, қазіргі түркі халықтарының болашағын баянды ету үшін берер тағылымы мол тарихи-лингвистикалық материал.
3. Ұсынылған мақаланың өзектілік дәрежесі
Үлгі:
Түркі халықтарының этномәдени ерекшеліктері белгіленген адам туралы концептуалдық түсініктер көне түркілер тіліндегі Kisi концептісінің тілдік модельдері арқылы көрініс табуы қарастырылған.
4. Автордың мақалада ашқан неғұрлым маңызды аспектілері
Үлгі:
Тіл мәдениет мен дүниетаным үйлесімділігінің көрсеткіші ретінде құндылықтар кешенінің тұтастығы мен тепе-теңдігінің сақталуын да қамтамасыз ететіндіктен, танымдық концептуалдық жүйенің концептілік құрылымның сыртқы құрылымын айқындайтын лексемалық, тіркестік, синтаксистік, мәнмәтіндік деңгейлерді қамтитын тілдік репрезентацияларды қарастыруды ұсынады.
5. Жариялауға ұсыну
Үлгі:
Р.Байымбетова мен Г.Жылқыбайдың «Көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі кісі/адам этноконцептісінің адамгершілік позициясын танытатын тілдік бірліктер» атты мақаласы осы талаптардың бәріне сәйкестікте жауап бере алатындай жұмыс. Мақаланы басылымға ұсынуға болады.
6. Рецензенттің аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, қолы, мөрмен расталуы.
Ескерту: Ғылыми мақаланы редакция алқасы (редакциялық кеңес) құрамына кірмейтін кемінде екі тәуелсіз ғалымның немесе тиісті тақырып бойынша маманның рецензиялауы керек

Үлгінің бекітілген нұсқасы
САРАПТАУ ПАРАҒЫ