«Түркістан жастары» премиясы жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай 27 номинация бойынша Түркістан облысы әкімінің «Түркістан жастары» премиясы байқауы жарияланған болатын. Байқау нәтижесінде түрлі сала бойынша үміткерлер аудан, қалалардан ұсынылып, арнайы комиссия тобымен іріктеліп, кезең-кезеңнен өткізіліп, соңында дауыс беру қорытындысымен анықталды.
Байқау қортындысы нәтижесінде Университетіміздің студенттері:
«Үздік жас кәсіпкер» номинациясы бойынша – Байдалы Ұлдана Ақарысқызы;
«Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша – Қанат Шамсутдин Қанатұлы;
ЖОО «Үздік студенті» номинациясы бойынша – Унбаева Ботакөз Нұрланқызы жеңіске жетті.
Байқауға қатысып, бағын сынаған әрбір үміткер мен жетекшілерге, қолдап дауыс берген барша қолдаушыларға Университетіміздің атынан алғысымызды білдіреміз.