Жаңа жыл жаңа табыстарға жетелесін!

Құрметті оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер! Қымбатты студенттер!
Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жыл еліміз үшін өте берекелі жыл болды деп айта аламыз. Табалдырықтан аттағалы отырған Доңыз жылы еліміз үшін үлкен жетістіктерге толы жыл болады деп ойлаймын. Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Жаңа жыл табалдырығын жақсы көңіл-күймен аттайық. Біз алдымызға үлкен жоспарлар қойдық. Осы жолда бірге қызмет етеміз деген сенімдемін.  Сіздерге толағай жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Жаңа жылда алға қойған барлық мақсаттарымыз орындалсын! Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!
Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін!