Жарияланым этикасы

Жарияланым Этикасы

 Редакцияның этикалық нормалары.

Редакциялық алқаның мүшелері ғылыми мақаланың жариялану мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы нақты шешімді этикалық нормалар мен авторлық құқыққа қатысты заң шеңберінде ғана шығарады. Бұл ретте олар журнал саясатын басшылыққа алады.

Редакция әсіресе, мәтіннің, ондағы мәліметтердің плагиаттығына ерекше мән береді. Мақала бұрын жарық көрсе немесе оның плагиаттығы анықталса, ол материал жарияланбайды. Редакция автордың саяси және діни көзқарастары, дербес мәліметтер туралы ақпараттарға тәуелсіз түрде қолданыстағы заң нормаларын ескере отырып, қолжазбалардың ғылыми мазмұнын бағалайды.

Мақала авторының этикалық нормалары

Мақала авторлары ең алдыменен ғылыми зерттеу нәтижелерінің анық әрі дұрыстығына мән беруі керек, бұл оның жаңалықты жариялаудағы үлкен жауапкершілігін түсінуінен басталады. Авторлар ұсынылған қолжазбада баяндалған зерттеулер нәтижесінің толықтай түпнұсқасы екеніне кепілдік беруі тиіс. Ондағы қолданылған үзінділер мен пайымдаулар автордың міндетті сілтемесі және түпдереккөз ретінде берілуі қажет. Шектен тыс мәтін қолдану, сонымен бірге рәсімделмеген дереккөздерді бұрмалап беру немесе басқа біреудің зерттеу нәтижелерін иемдену секілді кез келген формадағы плагиаттық – әдепсіздік болып табылады және ол журналға қабылданбайды. Сілтемесіз берілген мәліметтер алыс-берісі редакциялық алқа тарапынан плагиат ретінде қаралады. Авторлар қолжазбада тек нақты деректер мен мәліметтерді қолдануы тиіс; өзге зерттеушілердің эксперименттерін қайталауы және тексеруі үшін жеткілікті түрде ақпарат келтіруі тиіс; ашық хат түріндегі рұқсатсыз берілген және жеке түрде алынған ақпаратты қолданбау; мәліметтердің бұрмалануы және жалған болуына жол бермеуі керек. Материалдың қайта жариялануына (автор өзі жолдаған хатында жұмыстың алғаш жарияланып отырғанын көрсетуі тиіс) жол бермеу керек. Егер қолжазбаның жекелеген бөліктері бұрын-соңды жарияланған болса, автор ертеректе жазылған жұмысына сілтеме жасауы және жаңа жұмыстың бұрын жазылған жұмыстан ерекшеліктерін көрсетуі тиіс. Сонымен бірге, авторлар басқа бір басылымға жолданған және қаралу үстіндегі қолжазбаларын, өзге журналда жарияланып кеткен мақалаларын ұсынбауы тиіс.

Мақалаға сын айтылған жағдайда немесе үшінші адамның қатысуымен ескертпелер болған жағдайда авторлар этикалық нормаларды сақтауы тиіс.