Авторларға

АВТОРЛАРҒА  АРНАЛҒАН  ЕРЕЖЕ

«Түркология» журналына мақала жариялау үшін қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде бұрын жарияланбаған, түркологиялық бағыттағы іргелі және қолданбалы зерттеу нәтижелері мазмұндалған өзекті, проблемалық, шолу, пікірталастық мәселелерді қамтитын материалдар қабылданады. Сонымен қатар рецензиялар, ғылыми тезистер мен сұхбаттар жарияланады. Журнал жылына 6 рет жарық көреді.

Ақылдастар алқасы мына мәселелерге назар аударуларыңызды сұрайды:

  • мақалада міндетті түрде отандық авторлардың жұмыстарына сілтеме болу керек;
  • «Түркология» журналының алдынғы сандарына сілтеме құпталады;
  • мақаланы жазғанда жаңадан шығып жатқан дереккөздер, қайнар көздің 50% соңғы 5 жылда жарық көрген болуы тиіс (тарихи тақырыптардан басқа).

Сонымен қатар ғылыми дәрежесі мен атағына қарамастан мақалаға 2 сын пікір (сыртқы және ішкі)  және кафедра (бөлім, құрылым) мәжілісі хаттамасының көшірмесі болуы шарт, автор туралы толық мәлімет «авторлар» бөліміне және «Мазмұнына» төрт тілде беріледі.

ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. ӘОЖ (УДК) – әмбебап ондық жіктегіш индексі және Ғылыми-техникалық ақпараттық мемлекетаралық рубрикаторы (ҒТАМР).
  2. Авторлардың аты-жөні мәтіннің жоғарғы жағына беріледі және автордың жұмыс орны аффилиациямен көрсетіледі.

                    2.1 Авторлар туралы толық мәліметтер 4 тілде (қазақ, түрік, орыс және ағылшын: аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызмет орны, мекен-жайы, ұялы телефоны, электронды поштасы) қосымша бетте көрсетіледі.

2.2 Автордың аты-жөні 4 тілде (қазақ, түрік, ағылшын және орыс).

  1. Мақаланың тақырыбы 4 тілде (қазақ, түрік, ағылшын және орыс).
  2. Аңдатпа 4 тілде (қазақ, түрік, ағылшын және орыс, кемінде 7-8 сөйлем).
  3. Кілт сөздер 4 тілде (қазақ, түрік, ағылшын және орыс, кемінде 5 сөзден кем болмауы керек).
  4. Мақала мәтіні.
  5. Әдебиеттер тізімі мақала жазылған тілде және латын әріптермен транслитерация жасалып жазылады.
  6. Ғылыми мақаланың оңтайлы көлемі кемінде 6 беттен кем болмауы тиіс. Бір интервал аралықта теріліп, параметрлері: жоғары жағы – 2,0; төменгі жағы – 2,0; оң жағы – 2,0; сол жағы – 2,0 болуы тиіс. Шрифт – 14, Times New Roman, аңдатпа, кілт сөздер шрифт – 12, Times New Roman.
  7. Мақаланың аты мазмұнын ашып тұратын ұтымды болуы керек.
  8. Журналда пайдаланылған әдебиеттерге реттік сілтемелік әдіс жүйесі қолданылады, яғни мақаланың ішінде әдебиеттердің реттік нөмірі және сілтеме жасалған беттер тік жақшамен [1, 20 б.] көрсетіледі. Ол нөмір әдебиеттер тізіміндегі нөмірге сәйкес келуі тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде автордың аты-жөні, монографияның, жинақтың (мерзімді басылымның аты//(екі бөлшекпен) жазылады) атауы, қаланың аты, баспасы, жылы, томы, нөмірі, еңбектің жалпы беті көрсетіледі.
  9. Мақаланың мәтінінде сурет (иллюстрация) міндетті түрде ескеріледі, оларды орналастыру орны автордың қалауына сәйкес болады. Суреттер компьютерде орындалады. Барлық керекті әріптер мен таңбалар анық жазылуға тиіс.
  10. Кестелер тақырыбымен нөмірленіп берілуі тиіс. Олар міндетті түрде мәтінде еске алынуы керек.
  11. Журналға жариялау үшін мақалалар отандық және шетелдік барлық ұйымдардан қабылданады.

 

Журналда жарияланған мақалалардың дұрыс-бұрыстығына редакция жауап бермейді. Ғылыми мақалалар сараптау комиссиясының шешімінен кейін өндіріске жіберіледі.

Қолжазбалар өңделеді және авторларға қайтарылмайды.